Жәнібек Әлімханұлы «Канелоны» шаршы алаңға шақырды

Фото: x.com/qazaqstyle
Орта салмақтағы IBF және WBO әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареске үндеу жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

32 жастағы қазақстандық 34 жастағы мексикалықты ұрысқа шақырды.

«Канело! Сен қайдасың? Мен орта салмақтағы корольмін! Сен де өзіңді король деп санайсың! Әлемге екі корольдің жекпе-жегін көрсетейік!»- деп жазды Әлімханұлы Альвареске X әлеуметтік желісінде.