Фото: Pixabay
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қызметтік көлігінің маркасын атады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Көлікті өзіміз таңдамаймыз. Оларды бізге ұсынады. Бір кездері Қазақстанда құрастырылған ELANTRA көлігімен жүрдім, жұмыс машинам болды. Көңілімнен шықты. Машинаны Президент Іс басқармасы ұсынады. Мен КІА көлігімен жүремін. Оған мүлдем ұялмаймын. Мәселе сәл басқада. Ұзақ жылғы тәжірибеге орай Үкімет мүшелері машинаны өздері таңдамайды», — деді министр Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар ол «Бәйтерек» холдингінде жұмыс істеген кезінде үлкен Мерседес көлігімен жүргенін, кейін оны отандық көлікке ауыстырғанын айтты.