Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Scat әуе компаниясына қатысты басынан өткен жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Мәселен, Scat әуе компаниясы 1 сағат, 2 сағат, 3 сағат кешігеді. Қайта-қайта қоңырау соқсаң, арғы жағында «мен ештеңе шешпеймін, білмеймін» деп отырады. Енді кіммен сөйлесетінімізді сұрасақ, «сіздер олармен сөйлесе айлмайсыздар» деп жауап береді. Бұл не сұмдық? Бірінші басшылардың жауапкершілігін күшейттіңіздер ме? — деді Зайытов.
Фото: today.kz