«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 95,8%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 96,5%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 96,6%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 3,4 трлн теңге сомасына шығыс тіркелді. 123 млрд теңге атқарылмаса, оның ішінде 22 млрд теңге үнемделгені, ал, 101 млрд теңгесі игерілмегені», — деді Жамаубаев.
Қаржы министрі сондай-ақ, бюджет қаражатын игермеген меморгандарды да атады.
«Ең көп қаражат игермеген органдар — Ішкi iстер, Қаржы, Ғылым және жоғары білім, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері», — деді ол.