Легионерлерге шектеу қойылды. Қазақстан республикасының азаматы болып табылмайтын спортшыларға бюджеттен де, квазимемлекеттік сектордан да бір тиын ақша бөлінбейді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпараттық агенттігі.
Сонымен қатар футбол федерацияларының қаражаты да заңда көрсетілген межеден аспауы тиіс. Өткен аптада қабылданған заңға Президент қол қойса, федерациялардың бәрі қайтадан лицензия алулары тиіс. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Аралбай Qasqa Jol ютуб арнасына жаңа заңдағы өзгерістер мен жауапкершіліктер жайлы баяндады.
«Мәжілісте екі заң жобамыз сәтті өтті. Сенаттан да, енді тек Президенттің қол қойғанын күтіп отырмыз. Легионерлердің шаруасы шешілді. Азаматтығы жоқ спортышларға ақша берілмейді. Федерациялардың бәрі заң күшіне енген соң лицензияларынан айырылады, қайтадан лицензиядан өтуге мәжбүр болады. Басына отырып алған олигархтар бар ғой, федерацияны бермейді не оған ақша салмайды. Немесе сол федерацияларға бөлінген қаражаттан ақша тауып жүрген азаматтар болды. Осының бәрі кетеді, федерация дұрыс жұмыс істей алатын азаматтарға беріледі. Үшінші, бір спорт түрінен бірнеше федерация құрып алғандар бар, тіл табыспайды да, бұрылып кетеді бір бірінен, сосын әрқайсысы бюджеттен ақша алады. Олда жойылады. Бір спорт – бір федерация болады, бітті, заңмен қабылданды», — деді ол.
Бұдан бөлек 180 спорттың түріне мемлекеттен ақша бөлініп келген еді. Енді ел атын да, затын да білмейтін немесе жоғары спорттық нәтиже мен спорттық жетістік түрі болып саналмайтын салаларды мемлекеттен қаржыландыру тоқтайды.
«Олда бітті, тек қана Олимпиада, Параолимпиада, Сурдоолимпиада, Азияда, Параазияда, ұлттық спорт түрлері, осы бағдарламаға кіретіндері ғана, яғни 180 спорт үрінен 65-і ғана қалды. Үш есеге азайды және оның жиырма шақтысы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт түрлері. Бұрын мүмкіндігі шектеулі 1-топтағы он спортшыға екі жетекші болса, енді заң күшіне енген соң әрбір мүмкіндігі шектеулі спортшының жанына жеке жеке алып жүретін бір адамнан болады. Олардың іс сапары, жолы, қонақ үйі, бәрі бәрі мемлекеттен төленеді. Одан бөлек спорт колледж, спорт мектерінің басшылары 5 жыл сайын ротациядан өтеді. 5 жыл сайын ауысады. Мен сізге айтайын, оңтүстік өңірлерде осындай мектеп мекемелерді 28 жыл, 25 жыл басқарып отырған адамдар бар, кетпейді. Норма жоқ болды. Міне осыған да норма енгіздік», -деді Нартай Сәрсенғалиев.
Сонымен қатар кәсіби футбол клубтарына 1,2 миллиард теңгеден артық ақша бюджеттен бөлінбейтін болды. Олда заңмен бекітілді. Қолданыстарғы заңды айналып өтетін түрлі құйтұрқы істерге бақылау күшейеді.
«Артық ақша бөлмеу туралы бұрында айтылған, алайда заңда жазылмаған түрлі жолдарды қолданған ғой айналып өтетін. Осының бәріне тиым салынды. Көптеген ақпараттық шабуылдар да көбейді. 180 спорт түрінің бәріне ақша бөлінді, солардың 60 пайызы Олимпиада емес спорт түрлері. Соңғы 6 жылда спортты қаржыландыруға 1,4 трлн теңге жұмсалыпты. Бірақ нәтижесі көрініп түр, нашар. Олимпиадағы масқара жағдай ұмытылған жоқ. 2023 жылы «Ақтөбе» футбол клубына 1,8 млрд теңге, 2024 жылы 3,6 млрд теңге, екі есе көп ақша бөлінеді. «Астана» футбол клубына 2023 жылы 5,2 млрд теңге бөлінеді, 2024 жылы 5,3 млрд теңге бөлінген. «Ордабасы» футбол клубына 2023 жылы 5,6 млрд, 2024 жылы 5,3 млрд бөлінген, шамалас. Енді бұлардың бәрі 1,2 миллиард теңгеден артық бөлінбеу керек. Бұрын футбол федерацияларын басқарған азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр, заңсыздықтар анықталды. Сол секілді жауапкершілік болу керек, мәселе осында. Бізде бір ғана футбол клубы жеке, мемлекеттен ақша алмайды. Басқалары да солай жүзеге асу керек деп санаймын», -деді депутат.