Эксклюзивті мазмұн:

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

«42 метрде орналасқан»: сот «Кублей» зауытына қатысты дауға нүкте қоя алмады

«Кублей» зауыты мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы іс белгісіз...

Президент сайлауы кезінде тәуелсіз бақылау жүргізген «HAQ» қоры жұмыстарының нәтижесін жариялады

Тәуелсіз бақылаушылар президент сайлауының қалай өткенін жариялады.  «HAQ» қоры...

Мемлекет Нығматулинді жазалауы керек — Матаев

19 шілдеде Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған сот процесі аяқталды. Жоғарғы сот ҚазТАГ агенттігінің басшысы, Қазақстан Журналистер одағының экс-төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсетті ақтады.

Әсет Матаевпен әділеттілік және Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин туралы Orda.kz тілшісі тілдесті, – деп хабарлайды qazaq.today сайты Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

– Нығматулинмен жанжалыңыз туралы айтып беріңізші – не болды? Неліктен ол мұндай әрекетке өз ықпалын пайдаланды?

– Әкеме «ҚазТАГ-ты бізге бер», «Журналистер одағынан кет» деп айтпайынша, менің де, әкемнің де онымен ешқандай кикілжіңі болған жоқ. Ол бұл орынға өз адамын әкеліп, баспасөз өкілдерінің қатысуымен өтетін түрлі шараларға өз ықпалын тигізгісі келген көрінеді.

– Сонда оның мақсаты сіздің БАҚ-ты басып алу болды ма? Одан нәтиже шықпаған соң түрмеге отырғызуды ұйғарды ма?

– Иә, біздің Қырғызстанда, Өзбекстанда және жақын шетелдің басқа елдерінде де филиалдарымыз болды. Нығматулин мен оның жақтастары ҚазТАГ-тан ақпараттық холдинг құрмақ болған, оның қатарында соңғы кездері қағаз жүзінде шығуын тоқтатқан газет және бір телеарна бар, оның атауын атамай-ақ қояйын. Бізді жазалағылары келді, бізден құл жасап, өздеріне қызмет еткенімізді қалады… Сосын басқа да жанама себептер болды. Мысалы, біз 2016 жылдары кезектен тыс парламент сайлауы өтетінін жазған болатынбыз, бұл президент әкімшілігіне ұнамады. Бірақ тергеу барысында білгеніміздей ең бастысы, бізді қудалағандар Назарбаевтың билікті беру жоспарын, 2016 жылы билік ауысуы керек екенін білген. Осыған орай олар бұған өздерінің медиа ресурстарын құрып, дайындалғысы келді.

Жалпы, ол осы шиеленіс басталған соң бізге адамын жіберіп, бұған еш қатысы жоқ екенін жеткізді. Бұл Дариғаның бұйрығы болса керек дегенді меңзеді. Бірақ аз уақыттан соң біз Дариғадан да «мен емес» деген хабарлама алдық …

– Неліктен олар сіздерді түрмеге қамап, бірақ істерін соңына дейін жеткізіп, ҚазТАГ-ты тартып алуға күштері жетпеді?

– Шенеуніктер жария болудан қорқады. Егер ескі Қазақстанда бәрі мүмкін болса, біздің жағдайдан кейін бәрі өзгерді. Бізді соттаған соң ол ( Нығматулин) соттарды, прокуратураны, «Антикорды» тікелей қадағалайтын президент әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды. Ол содан кейін онша әсер ете алмады. Оған жариялылық, халықаралық ұйымдар, Қазақстан журналистері, ТМД елдерінің журналистік қауымдастығы, баспасөзді қорғау ұйымдары үлес қосты.

– Тұңғыш президент бұл жағдай туралы не ойлағанын білесіз бе?

– Қожамжаровқа (ол жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы – ред.) да, Нығматулинге де телефон соғып, бұл ақпарат расталмаса, «сендерге жаман болады» дегенін естідік.  Айтайын дегенім, Қожамжаров біздің іс бойынша ешқашан пікір білдірген емес. Егер ол басқа да белгілі қылмыстық істерге қуана түсініктеме берсе, мысалы, Ермегияевтың ісінде. Ал біздің іс бойынша ешқашан тіс жарған емес.

Кек алу туралы

– Әсет, әкеңіз түрмеде отырған кезде денсаулығы сыр бергені белгілі. Неліктен сіз жазықсыз жапа шеге тұрып, қайта тексеруге өтініш бердіңіз?

– Біз Назарбаевтың тұсында, Нығматулин билікте болған кезде де, түрмеде отырған кезде де, бостандыққа шыққаннан кейін де істі қайта қарау туралы өтініш бердік. Біз үшін дүние-мүлкіміздің тәркіленгені емес, әділдік үшін күрескен адал атымыз маңызды. Жанға бататыны да сол.

– Сізді сот, яғни мемлекет тарапынан негізсіз, кінәсіз және заңсыз соттады. Сіз мемлекетті сотқа беріп, өтемақы талап етпейсіз бе?

– Жақсы сұрақ. Бірақ мемлекетке өтемақы талап еткенде оны Қаржы министрлігі өтейді. Кейбір адамдардың заңсыз шешімдері үшін салық төлеушілер жауапкершілікке тартылмауы керек деп есептеймін. Мемлекет заң бұзушыларға қатысты қозғалған қылмыстық істер аясында бұл қаражатты солардың өздерінен өндіріп алуы тиіс. Бір тұтқынды ұстау, қателеспесем, жылына 800 мың теңге тұрады.

– Нығматулиннен кек алғыңыз келмей ме?

– Иә, менің қатты жек көретіндігім сонша, тіпті ас іше алмаймын (күлді). Шынымды айтсам, Нығматулин облыстық комсомол комитетіндегі қызметінде анаммен бір кабинетте отырды. Ешқандай өшпенділік жоқ, бірақ 10, 20, 30 жылдан кейін ондай жағдайлар болмас үшін, шенеунік өз амбициясы кесірінен заңсыздық жасай алмайтындай етіп мемлекет жазалауы керек. Менде де, әкемде де өшпенділік жоқ.

– Әділетсіз жазасын өтеген адам ретінде біздің сот жүйесін жетілдіретін мүмкіндік бар деп ойлайсыз ба? Оған қол жеткізу үшін не істеу керек?

– Мен мемлекеттің жанкүйері емеспін, әсіресе барлық болған оқиғадан кейін, бірақ құқық қорғау органдарында да, сотта да әділдік пен ар-ожданмен жұмыс істей алатын лайықты адамдар бар. Сол адамдарды дұрыс орындарға қою керек. Қазір байқап отырмыз. Билік туысқан-тумаластықты жойып жатыр. Сондықтан мемлекетіміз қарапайым халықтың, тіпті сотталғандардың да өмірін тез арада жақсарта алса ғой. Мен оған сенемін. Иә, тіпті мен, әділетсіз түрмеде отырып шыққан адам болсам да…

Соңғы

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

Құрғақ сай: Шымбұлақта жаңа 3 км шаңғы жолы қосылды

2022-2023 қысқы маусымында «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Құрғақ Сай»...

LRT ісі: сотталушы Сағынтаевтан, Ахметовтен, Исекешевтен және Тасмағамбетовтен жауап алуды талап етуде

LRT/BRT қылмыстық ісінде айыпталушы Ұлықбек Ачилов 23 қарашада астананың...

«42 метрде орналасқан»: сот «Кублей» зауытына қатысты дауға нүкте қоя алмады

«Кублей» зауыты мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы іс белгісіз...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік сарапшылардың «Россия 1» телеарнасында сөйлеген сөздеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq.today...

Құрғақ сай: Шымбұлақта жаңа 3 км шаңғы жолы қосылды

2022-2023 қысқы маусымында «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Құрғақ Сай» жобасын іске асырады, ол + 3 км жолды қосуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Qazaq.Today тілшісі...

LRT ісі: сотталушы Сағынтаевтан, Ахметовтен, Исекешевтен және Тасмағамбетовтен жауап алуды талап етуде

LRT/BRT қылмыстық ісінде айыпталушы Ұлықбек Ачилов 23 қарашада астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында маңызды куәлік беріп, жоғары лауазымды тұлғалардан жауап алуды сұрады. Ұлықбек...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here