Мемлекет басшысы сэр Сума Чакрабартимен кездесті

Кездесуде президент Қасым-Жомарт Тоқаев сэр Сума Чакрабартиге экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші лауазымында атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев оның Реформалар жөніндегі жоғары кеңес аясында айтқан ұсыныстары бірқатар бағдарламалық құжаттарда қолдау тапқанын атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшысы Сума Чакрабартидің Қазақстанның инвестициялық саясатын жетілдіруге қосқан үлесіне оң баға берді.

Өз кезегінде Сума Чакрабарти зор сенім артқаны үшін мемлекет басшысына ризашылығын жеткізді.

 

Qazaq.today

24