Мемлекет басшысы Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысу үшін келген Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады.

✅Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вячеслав Володин сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Еуразиялық интеграцияның келешегі жөнінде пікір алмасты.

✅Президент мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту ісінде заң шығару органдары маңызды рөл атқаратынын айрықша атап өтті.

Қасым-Жомарт көпжақты ынтымақтастық аясында парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға және бауырлас Қазақстан мен Ресей халықтарының мүддесі мен игілігі үшін екіжақты серіктестікті барынша кеңейтуге шақырды.

40