Мемлекет басшысы Люксембург Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат порталы.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Әсіресе, энергетика, қаржы, цифрлық технология, инновация және басқа да салалардағы өзара тиімді кооперация мәселесіне баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден Еуропа Одағы аясындағы серіктестік әлеуетін пайдаланудың, сондай-ақ Бенилюкс елдерімен ықпалдастықты күшейтудің маңызына назар аударды.