Фото: ©Р.Фахрутдинов
Балалар біздің болашағымыз. Олардың саналы да, әдепті болып өсуі біздің борышымыз. Қазіргі кезеңде жан-жақты дарынды, мәдени санасы жетілген ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жаңа адам тәрбиелеу маңызды. Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем шығарма арқылы демесең қабілеті дами келетін ұрпағымыз. Ахмет Байтұрсынов: «Дұрыс тәрбиенің асылы – баланың тәні мен жанына керек істерді бала табиғатының тілеуімен, бала табиғатының әуенімен істеу – сол дұрыс тәрбиелеу болады», — деген екен.
Баланың бойында дұрыс мінез-құлықты қалыптастыру дұрыс әдептерден басталады. Әдептілік дегеніміз – адамның мінез-құлқының реттелуі мен тәртіптілігі. Әдеп, кең мағынасында, қандайда бір адамгершілік қағидаларын ұғындырады. Әдептілік мәдениеттіліктің бастамасы. Адам баласы мәдениеттің, адамгершіліктің, өнегенің, мейірімділіктің, әділдіктің маңызды бір бөлігі әдептілік.
Мектепке дейінгі балалық шақтың жастық және психологиялық ерекшеліктерімен қатар, оның өзіне ғана тән жеке ерекшеліктері де болады, яғни олардың әрқайсысының қайталанбайтын даралығы. Әр бала өзінің мінез-құлқын басқару тәсілімен, сыртқы әлеммен байланыс орнату іскерлігімен, эмоциялық көңіл-күйін көрсете білу қабілетімен ерекше.
Мектепке дейінгі балалардың мінез-құлқын көркем шығармалармен танысу арқылы мінез-құлық қағидаларын, құрдастарымен және ересектермен өзара байланысын, балалардың жағымды және жағымсыз қасиеттері туралы адамгершілік ұғымдарын қалыптастырамыз. Мектепке дейінгі кезеңде баланың мінез-құлықтары айтарлықтай құбылмалы. Мектепке дейінгі кішкентай бала, ерте сәбилік шақтағы тәрізді тым әр-түрлі себептерге байланысты сол сәттегі жағдайлық сезімдер мен тілектің ықпалы пайда болатын іс-әрекет жасайды, сонымен бірге қандай да бір қалдықты жасауға мәжбүр екендігі жөнінде өзіне-өзі айқын есеп бере алмайды. Мектеп жасына дейінгі баланың түсінігінше, жақсы және жаман туралы түсінік араласып келеді. Оның өмірлік тәжірибесі аз болғандықтан, ол әлі жақсы мен жаманды ажырата алмайды. Тіпті адамгершілік түсінігін меңгергеннің күннің өзінде мектеп жасына дейінгі бала оны назарда ұстай алмайды. Мұның барлығына баланы үйрету керек.
Балаларға ата-аналарының көңіл-күйі көрініс береді. Егер үлкендер көңілді, жылы жүзді, салмақты болса, бала да сондай болады. Әсіресе, баланың мінез-құлқына отбасындағы эмоциялық атмосфера, үлкендердің қарым-қатынас стилі ерекше әсер етеді. Балалардың үнемі үлкендерге қарап әрекет ететінін ұмытпаңыз, оларда біздің көңіл-күйімізді танып-білетін ерекше бір қабілет бар және олар оны өзіне тез қабылдап алады; біздің оларға деген қатынасымызды тез біледі; біз оларды тыңдауға даярмыз банемесе өз талабымызды қоямыз ба, көңіл-күйіміз қандай.
Кішкентай балалар еліктеуге бейім келеді. Бала қоршағандар тілімен сөйлейді – олардың ойын айтады, қимыл-қозғалыстарын қайталайды, олардың қылықтарына еліктейді. Әсіресе бұл балалар ойынынан айқын көрінеді. Егер бала үлкендердің мінез-құлқынан үлгілі мінез-құлықты көріп еліктесе, онда бұл тәрбиелеуге көмектеседі. Баланың бұл ерекшелігі үнемі жағымсыз жағдайдың себебі бола бермейді, бірақ ол бір нәрсеге аса сенімді: үлкендер не істесе де бәрі жақсы. Баланың тез есейгісі келеді.
Отбасындағы тәрбиенің маңызды шартының біріне отбасы мүшелерінің талаптарының келісімімен жүзеге асырылуы жатады. Отбасы мүшелерінің бірінің бала алдында қатал тәрбиеші болып, ал екіншісінің – қайырымды қорғаушы болуы мүлдем қате. Ал бала отбасы мүшелерінің қайсысымен өзін қалай ұстау керек екенін жақсы біледі.
Сотқарлық пен тентектік арасында айырмашылық бар ма? Баланың тентектігін сотқарлықтан ажырату керек. Баланы дер кезінде тоқтатуымыз осыған байланысты. Тентектік – күнәсіз ермек: бала көңілді, өзінше істейді, өз қылықтарымен қоршағандарды күлдіреді, өзіне қаратады. Сөздің қысқасы, ол өзінің бар көңілді күйі үшін сізден қолдау күтеді. Бұл қоршағандармен байланыс ортнатудың өзінше бір формасы. Дегенмен, бала өз тентектігінің шегін білмесе, ол сотқарлықа апаруы әбден мүмкін. Әрине оның жағымсыз сипаты бар. Егер бала үлкеннің сөзін тыңдап үйренсе, онда баланың эмоциялық ұстамсыздығының алдын алып, тентектікті жоюға болады. Жалпы бала эмоциясының көріну түрі мен күші тәрбиеге тікелей байланысты екенін есте ұстау қажет. Баладағы жағымсыз эмоция – бұл онымен теріс қатынастың орныққанын көрсетеді.
Егер баланы дұрыс тәрбиелесе, ол мінез-құлық мәдениетінің қарапайым ережелерін білетін болады. Егер сіздің ұлыңыз (қызыңыз) тентек қылық көрсетсе, оны әдеппен тоқтату керек.
Жақсы болуға талпыну барлық балаға тән. Бала өзінің жақсы екендігіне сенеді. Ал үлкен адам оның осы сенімін қолдауы керек, ол адамның көңілін көтеріңкі етеді. Үлкен адамнан өз әрекеттеріне тиесілі бағаны есту – бала үшін аса пайдалы болмақ. Ұмытпаңыз. Баланың дұрыс жасаған қылықтары (тәртіпті ұл немесе жақсы аға, нағыз дос, жақсы көмекші, әдепті және т.б.) дұрыс бағалап, қолдасақ, онда «мен жақсымын» ұғымы ол үшін маңызды болады. Ұмытпаңыз.
Табандылық кейде қырсықтық деп қаламыз. Ал баланың әрекеттерінде бұлар аса ұқсас. Бірақ оларды шатастыруға болмайды, қырсықтық – бұл баланың мінез-құлқының жағымсыз жағы. Дегенмен, ойлаған мақсатына жетуге талпыну бұл жақсы қасиет, ал ата-ана оны білуі керек. Баланың бастаған ісін қалай болғанда да аяқтауына мүмкіндік беру керек, олай етпегенде ондағы мақсаттылық өшіп қалуы әбден мүмкін.
Жылы сөз. Баланың абырой, намыс сезімін дамытуда, оның маңызы айтарлықтай «сен үлкен болдың» деген жылы сөз балалардың жағымды қылықтарын белсендіре түседі. «Мен үлкенмін» яғни мен бәрін білемін, істей аламын. «Мен үлкенмін» яғни, кішкентайларға, үлкендерге көмектесуім керек. «Мен үлкенмін» яғни, мен күштімін, әлсіздерге көмектесуім керек. «Мен үлкенмін» яғни кішкентайларға үлгімін. Өзіңді жаман ұстау – бұл ұят.
Балалар қырсық, қыңыр болып тумайды және бұл балалардың жастық ерекшеліктері де емес. Мұны мінезбен түсіндіруге болмайды, себебі мінез туып берілмейді, ол бүкіл өмірі барысында қалыптасады. Қырсық бала теріс тәрбиеден қалыптасады.
Екі және үш жастағы баланың қырсықтығы табиға қажеттілігі (су ішкісі келеді, тамақ ішкісі келеді, ұйықтағысы келеді) қанағаттандырылмағанда, қолайсыздықты сезінгенде (суық, ыстық, аяқ киімі тар, киімі кең және т.б.) көрінеді. Бірақ мұны қырсықтық деп түсінбеу керек, тек балаға қолайсыз жағдайды жойса болғаны, бәрі орнына келеді. Егер мұндай кезде балаға дауыс көтерсек, бұл қырсықтықтың пайда болуының алғы шарты болады. Көпшілік жағдайда баладағы қырсықтықты жүйке жүйесімен байланыстырады (невроз). Бала тек қана айғайлап жыламай, қолдарындағы ойыншықтарын үлкендерге қарай лақтырғанда, оны расында да күйгелектік, ашыланшақтық деп қабылдаймыз. Мұндай кезде баланы дәрігерге көрсету керек. Бала қырсықтығының ашық көрінуі – бұл баланың өз дегеніне жету жолы.
кезінде көптеген балаларда байқалатын мойындамау белгілерін ықпал етудің, пайда болған жағымсыз өзара-қарым қатынас формаларын баянды етудің салдары да болып табылады. Бірақ қыңырлықтардың психологиялық табиғаты бала өзінің дербестігін нығайтқысы келетін мінез-құлықтың «дағдарыс», түрлеріне айрықша тән келеді. Қыңырлық — өзіне бүкіл жұрттың назарын аударудың үлкендерден «үстем болудың» жолы. Өзін танытуға ұмтылудың басқа жолдарымен, әсіресе құрдастарымен араласудан, қанағаттандыруға қолы жетпей қалжыраған , ынтасыз балалар, әдетте қыңыр болып келеді.
Балабақшада балалар сезімдерін тәрбиелеу ерекше назарға алынған. Балалардың эмоциялық ықыласына, әсершілдігіне, қиялының ұшқырлығына, еліктеулеріне сүйене отырып, педагог балаларда алғаш рет қамқоршылық, тілектестік, ықыластылық сияқты мейірімді, қайырымды сезімді тәрбиелейді. Осының негізінде достық, жолдастық, ұжымшылдық сезімдері қалыптасады.
Ересектермен қарым-қатынас жасауда баланың сыйластық сезімі қалыптасады. Мектепалды сыныбындағы балалар біршама ұғымтал болып, ересектердің еңбек әрекетінің әлеуметтік маңызын, жоғары адамгершілік сапаларын түсінуге тырысады. Өз құрдастарымен қарым-қатынастағы жағымды сезімдер оларды одан әрі дамытады. Ұжымдық сезім, балалардың еңбек және ойын үстіндегі қарым-қатынасында адамгершілік негіздерінің даму міндеттерін белгілейді. Отанға деген сүйіспеншілік, жолдастық сезімі, өзге ұлт өкілдеріне деген сыйластық сияқты жоғары адамгершілік сезімдері қалыптаса бастайды. Бұл сезімдердің дамуына көркем әдебиет, бейнелеу өнері сабақтарында алған білімдері, (жалпыхалықтық мерекелерге қатысу, түрлі ұлт баларымен достасу) туралы практикалық әркеттерге қатысуы арқылы қоғамдық өмірдегі құбылыстардың жарқын әсері, өз елі, өз халқының тіршілігі ықпал етеді.
Мінез-құлық нормалары мен ережелерін меңгерген сайын, олар баланың өзге адамдарды бағалауда пайдаланатын өлшемдері бола береді. Бірақ бұл өлшемдерді өзіне қолдану анағұрлым қиынырақ болады. Баланы өзіне тартып, белгілі бір қылық көрсетуге итермелеуші толғаныстар оған көрсетілген қылықтардың шын мәнін бүркейді, оларды әділ бағалауға мүмкіндік бермейді. Мұндай бағалау тек өз қылықтарымен, сапаларымен салыстыру ғана мүмкін болады. Өзін өзгелермен салыстыра білуді бала мектепке дейінгі үлкен жаста меңгереді, бұл өзін-өзі дұрыс бағалаудың негізі болып табылады.
Мектепке дейінгі ересектер өз басының жақсы жақтары мен кемшіліктерін толықтай дұрыс ұғына біледі, төңіректегілер тарапынан өздеріне қарым-қатынасты да ескереді. Адамның жеке басының бұдан арғы дамуы, мінез-құлық нормаларын саналы игеру, жағымды үлгілерге еліктеу үшін мұның зор мәні бар. Сонымен бірге бала төңірегіндегілердің оның қалай да бір қылықтары мен қасиеттеріне көзқарасын әдейілеп пайдалануға қабілеттенеді. Бұл жастағы балалар, әдетте, қыңырлық мінез-құлық нормаларын бұзу екендігін тамаша ұғынады және қыңырлықты саналы түрде өз айтқанына көнетін үлкендерге ғана көрсетеді. Бала анасымен қарым қатынаста анасының сүйіспеншілігі мен елжіреуін туғызатын рөлде ойнайды, өзінің балалық мінездерін баса көрсетеді де, осы арқылы барлық жақсылыққа ие болады.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогика
кафедрасының аға оқытушысы, Балажанова Жупаркул Бекназаровна