Желіде мектеп бітіруші түлектің аттестатын қолына алып, марқұм әкесінің басына барған сәті түсірілген видео кең тарап, қызу талқы тудырды, деп хабарлайды Qazaq.today сайты Anyqtime.kz сілтеме жасап.
Көпшілік бұл әрекетті әрқилы қабылдады: біреулер жас түлектің әке рухына деген құрметіне сүйсінсе, енді бірі мұны «хайп үшін жасалған» деп сынға алды.
— «Моланың басына видео түсіру сәнге айналып бара ма?»,
— «Әрекеті дұрыс, бірақ сырт келбетіне де мән беру керек еді»,
— «Иманды болсын, бірақ мұндай сәттерді жария етпей-ақ қойса қайтеді?» — деп жазды желі қолданушыларының бір тобы.
Сонымен қатар, кейбір пікір иелері қыздың ниетін дұрыс түсінуге шақырып, оны сынаудың орынсыз екенін алға тартты. Олар үшін бұл — рухани сәт, әке алдындағы парызды өтеудің бір көрінісі.
Айта кетейік, соңғы жылдары әлеуметтік желіде туыстарының басына барып, фото-видео түсіретіндердің көбейгені байқалады. Бұл үрдіс қоғамда екіұдай пікір тудырып жүр.