Мейрамбек Бесбаевтың желідегі видеосы көпшіліктің ашуын тудырды

Әнші Мейрамбек Бесбаевтың жасаған пародиясы желі оқырмандарына жақпай қалды.

Өнер иесі Тұрсынбек Қабатовтың әзіліне видео түсірген. Желі қолданушылары әншінің бауырсақпен түскен бейнежазбасына ескерту жасады.

«Тиіспеңдерші бауырсаққа, ол қазақтың бауырсағы», «Бауырым, басқа-басқа, нанмен ойнамаңдар, басқа нәрсе таппадыңдар ма?», «Обал болады ғой», «Қызық емес, бауырсаққа тиіспеңіздер», «Шетелдің керегі не бізге?», «Бір үзім нанға жете алмай отырғандар бар, бұл – тойынғандық», деп жазды желі қолданушылары.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by (@m_besbaev)