Мейрамбек Бесбаев қызының есімін Әбдіжаппар Әлқожаға қойғызды (ВИДЕО)

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев үшінші сәбиінің дүниеге келгенін жақындарының ортасында атап өтті. Өнер иесі көпшілік алдына Әбдіжаппар Әлқожаны алып шығып, оған алғысын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпара порталы. 

«МузАрт» әншісі Әбдіжаппар Әлқожаға азан шақырып, сәбиінің есімін қою мәртебесін берген.

«Әбджіппарды ортаға алып, әңгімені осыдан бастасам деп тұрмын. Досы екеуі «Аға , көкпар беріңіз» деді. Содан ниеттенейікші деп, Тараздың төрінде үлкен көкпар бердік. Артынша елдің дұғасы қабыл болып, Айзиядай қызымыз келіп отыр. Ең бірінші осы хабарды естіген кезде мен Әбдіжаппарға хабарластым. «Келші, ешкімге айтпайтын сырым бар» дедім. Қуанышым қойныма сыймай жатты. «Әбдіжаппар, сенің осы кішкентай ниетіңе осындай жағдайлар болды. Құдай қаласа, ұл бола ма, қыз бола ма, атын өзің қойып, азан шақырасың» дедім. Бұл қожаның баласы ғой. Көп нәрсені бізден жақсы біледі»,  – деді Мейрамбек Бесбаев.

87