Мейрамбек Бесбаев қызын перзентханадан шығарып алды (ВИДЕО)

«Музарт» тобының мүшесі, әнші Мейрамбек Бесбаев әйелі Мархабат Беспаева мен қызын перзентханадан шығарып алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы өнердегі әріптесі Сәкен Майғазиев мәлім етті.

«Қызымыздың бауы берік болсын! Балапанымыз инабатты, ақылды, білімді болып өссін. Сіздерге де жұғысты болсын!», — деді әнші.

Әншінің оқырманы да қуанышқа ортақтасып, өздерінің игі тілектерін жазып жатыр.