Әнші Қарақат Әбілдина жүзге таяған қариядан бата алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Батамен басталған күн. Астанамызға Құранды толық жаттаған қари атанған 97 жастағы Жұмагүл әже келіпті дегенді ести салып рухани кешке асықтым.
Қасиетті мекен Мединада 30 жыл тұрған анамыздың өн бойынан нұр шашып тұрғандай. Қазіргі таңда қазақта бұндай абыз ана, аңыз аналар жоқтың қасы. Сондықтан апамыздың жүзін көріп, аузынан шыққан әр сөзін құлаққа құятын рухани кешке қатысқаныма қуандым.
Ғасыр жасаған апамыздың ақ батасын алу бақыты бұйырды. Батамен көгеретін халықпыз ғой, аумин, қабыл болсын! Апамыз аман болсын!», — деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram