Медеуге «Азия дауысы» қайта оралады

2 шілде Алматыда биік таулы «Медеу» мұзайдынында«Азия дауысы» пикнигі ұйымдастырылды. Әсем таудың арасында 28-30 шілде күндері аты аңызға айналған «Азия дауысы» фестивалі жалғасын таппақ.

«Азия дауысы» пикнигі шынайы серуенге негізделді. Атап айтатын болсақ, дәмді тағамдар, демеушілер тарапынан көптеген түрлі ойындар мен ісшаралар (сыйлықтарымен), шеберлік сабақтары, шеберлердің ерекше безендірілген шатырлары, демалыс орындары және ең бастысыәсем әуен. «Медеу» сахнасында таңның атысынан күннің батысына дейін Алматы қаласында өткен «Жас қанат-2023» жас орындаушылар байқауының қатысушылары мен жүлделі орын иегерлері өнер көрсетті. Қойылым арасында үлкен экраннан «Азия дауысы» фестивалінен бейнероликтер көрсетілді. Ұйымдастырушылар пикник қонақтарымен осыдан 30 жыл бұрын өнер көрсеткен жұлдыздарды еске алды. Халық қосылып ән айтып, би биледі. Бұлсағынышқа толы сәттер болды! Ал пикник кешін көпшіліктің сүйіктісіне айналған
Молданазар, Садраддин және PLEBS тобы тамаша ән шашуларымен қорытындылады.

«Азия дауысы» пикнигіжаңаша көзқараста қайта жалғасын табатын «Азия дауысы» фестивалінің тұсау кесері ретінде аталып өтті. Бұл туралы фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов былай деді:

«Біз үшін пикникөте маңызды оқиғалардың бірі. Жыл басында «Азия дауысы» фестиваліне дайындық барысында«Азия дауысы» халықаралық фестивалі қоғамдық қорының негізін қалаушы және президенті Ирина Ковыряко ісшараның толық нұсқасын ойластырды. Соның бірі Алматыға кері қайтаруымыз керек болған «Жас қанат» байқауы. Сонымен қатар Азия дауысының символына айналған күн басқан ерлердің бейнесі табылған Таңбалыдағы петроглифтерге саяхат еді. Бұлардың барлығы бір тізбектің буыны. «Азия дауысы» фестивалі мен байқауы 20 жылға жуық уақыт өткізілмеді. Соңғы фестиваль 2004 жылы өтті. Арада ұзақ үзіліс болғандықтан, көп нәрсе ұмытылып кетті. Сондықтан бәрін қайта қалпына келтіруге тура келеді.

Осы тұста фестивальді бастапқыда жасауға атсалысқан Мұрат Ирғалиев және Александр Пономаревпен қайта қарымқатынас құрып, жұмысты жалғастырамыз. Бұл командамен 2004 жылы жұмыс істеген кезде iPhone, смартфон, iPad, тіпті 5G интернеті де болған жоқ. Яғни, бүгінгідей мүмкіндіктер болмады.

Біздің міндетімізбар қабілетімізді, мүмкіндігімізді, шығармашылығымызды біріктіре отырып, «Азия дауысын» заман талабына сай етіп дайындап шығу. Бұләрине, оңай емес. Біз барлық ісшараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырысамыз. Осы тұста, 28, 29 және 30 шілде Медеуде өтетін «Азия дауысы» фестивалі көрермен көңілінен шығу үшін бар күшімізді саламыз. Қазір барлық сәт пысықталуда. Мені ерекше қуанышқа бөлеген жайт алматылықтар мен қала қонақтарының керемет достық көңілі болды. Ал бұл біз үшін маңызды жайт деп айтуға болады. 28 шілдеде өтетін «Азия дауысы» фестивалінің ашылу салтанаты керемет өтетініне сенімдімін.

Фестиваль бұл жолы өзгерістерге толы болмақ. Мәселен, биыл «Азия дауысы» байқауы болмайды. Біз әзірге старт-концерт жасап жатырмыз. Өйткені адамдар байқауға қатысу үшін алдымен Қазақстанда мәдениетті әрі қауіпсіз адамдар тұратынына көз жеткізіп, сенім білдіруі тиіс. Бұл – Азия Дауысының 2023 жылғы басты міндеті. Фестивальдің бірінші күнінде тек қазақстандық өнерпаздар сахнаға шығады. Бұл фестивальдің екінші күні өнер көрсететін Black Eyed Peas тобының концертінен де шулы болып өтетініне сенімдімін. Ал «Азия дауысының» үшінші күні аты аңызға айналған әншілер мен топтарға арналады. Себебі аталмыш күні «Ялла», Юлдуз Усманова, Secret Service өнер көрсетеді. Бірақ жұлдыздар тізімі бұнымен аяқталмайды. Ол үшін хабарламалармызды бақылап отырыңыз!


Айтпақшы
, «Азия дауысы – 2023» фестивалінің бас серіктесі әрі бірлескен ұйымдастырушысы Halyk Bank болды. Бұл кездейсоқ емес. Себебі биыл Halyk Bank өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтеді. Осы оқиғаға байланысты «100 игі іс» ауқымды акциясын өткізбек. Оның аясында бүкіл ел бойынша әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік маңызды бастамалар жүзеге асып жатыр. «Азия дауысы» фестивалі осы жобалардың маңызды бөлігі болмақ. Өйткені фестиваль Halyk Bank демеушілігімен өтеді.

 

Qazaq.today 

3