Алматыда өрт сөндіруші қаза тапты. 29 жастағы жігіт қызметтік борышын атқару кезінде қайтыс болған. Арлсан Құрманбеков тау баурайындағы өртті сөндіру кезінде қаза тауқан, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы. 1994 жылы туған Арслан Жолдасбекұлы Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты.
“Төтенше жағдайлар министрлігі Арслан Жолдасбекұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол туралы жақсы естелік, өз ісінің маманы ретінде біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Арслан жауапты қызметкер, кәсіби күрескер және білікті маман болды. Жұмыста ол еңбекқорлығы, әділдігі және мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін бағаланды. ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді”,- деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.