Мәскеуде, Мәскеу мен Воронеж облыстарының территориясында терроризмге қарсы операция режимі енгізілді. Бұл туралы РФ Ұлттық терроризмге қарсы комитеті (ҰТК) мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Ал Мәскеу мэрі Сергей Собянин Ресей астанасында барлық бұқаралық іс-шаралардың тоқтатылғанын хабарлады.
«Мәскеуде терроризмге қарсы операция режимі енгізілді. Осыған байланысты қалада бұрын жарияланған бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды. Барлық Қалалық қызметтер толық көлемде жұмыс істейді, қала бойынша қозғалу қиындық тудырмайды. Мәскеуліктер мен қала қонақтарына болып жатқан жағдайларға түсіністік танытқаны және сабырлы болғаны үшін рахмет», — деп жазды Мәскеу мэрі.
Qazaq.today