Апат бүгін таңертең болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Бірақ сараптама оның мас болғанын анықтады.
«Хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін іс сотқа жолданды», — деп хабарлады Ақтөбе облысының Полиция департаменті.
Апат кесірінен газ құбыры зақымдалып, көп қабатты сегіз үйдегі 560 пәтер газсыз қалды. Қазір апаттан құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.