Маңғыстау облысында қатыгез әке үш баласын дарға асып өлтірді

Маңғыстау облысында ер адам үш баласын дарға асып өлтірді. Артынша өзі де суицид жасады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы Azattyq Ruhy сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданының тұрғыны үш баласын асып өлтіріп, өзіне де қол жұмсаған. Сәбилердің ең кішісі 10 айлық болса, ортаншысы 4, үлкені 8 жаста болған. Марқұм өлер алдында әйеліне аудиожазба жазып қалдырып кеткен.

1 желтоқсан күні сағат 19.45-те Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында 4 мәйіт табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Бұл шақыруға жедел-тергеу тобы шықты. 38 жастағы ер адам, сондай-ақ 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық балалар асылып тұрған күйінде табылды. Тексеру барысында марқұмның әйеліне жіберген аудиожазба табылды. Ол онда өлетінін және балаларын бірге алып кететінін айтқан», — делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жолдаған хабарламасында.

Қайғылы оқиға отбасылық жанжалдан кейін болған. Ерлі-зайыптылардың ажыраспақ болып жүргені де анықталды. Екеуінің де тұрақты жұмысы болмаған.

«Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданындық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізімінде тіркелген. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді. Бұл ретте көрінеу жалған ақпарат тарату Қылмыстық Кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеміз. Осыған байланысты Полиция департаменті азаматтарды заңнаманы қатаң сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге, жалған хабарламаларға жауап бермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады», — делінген хабарламада.

12