Маңғыстауда уланып қалған 98 оқушының жағдайы белгілі болды

Маңғыстау облысында инфекциядан зардап шеккен 98 баланың барлығы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының инфекциялық бөлімшесінде стационарлық ем алды. Оқушылар үйлеріне шығарылып, тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауға алынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

Денсаулық министрлігінің мәліметіне сенсек, 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданының «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 466 оқушысы дене қызуының көтерілуі, іштің өтуі, құсу, әлсіздік сияқты белгілері бар облыстың медициналық мекемелеріне жүгінген.

Зардап шеккендердің 98-і емдеуге жатқызылды, оның ішінде екі бала қарқынды терапия бөлімшесінде емделді.

Уақтылы және білікті медициналық көмек пен барлық жауапты органдарды нақты үйлестірудің арқасында Маңғыстаудағы жағдай толығымен тұрақтандырылды және балалардың денсаулық жағдайына алаңдаудың қажеті жоқ.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

133