Дәрігерлер Мұнайлы ауданында күйеуінен пышақ жарақатын алған жәбірленушінің жағдайын тұрақты ауыр деп бағалайды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
– Зардап шеккен адам есін біледі. Жағдайы тұрақты ауыр. Жүктілік сақталды, алаңдаушылық жоқ. Бұдан былай хирургиялық араласу болмайды, емдеу жалғасуда, — деп хабарлады медициналық мекеменің баспасөз қызметі.
Еске салайық, Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында күйеуі әйелін көшеде тұрғындардың көзінше пышақтап тастаған болатын. Салдарынан 24 жастағы әйел ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.