Маңғыстауда көлік өртеніп, 1 бала қаза тапты

Қайғылы оқиға Ақтау-Форт-Шевченко тас жолында 2 қыркүйек күні болды. Көлік өртеніп, оқиға салдарынан 1 бала қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Сағат 16:04-те Түпқараған ауданы Ақтау-Форт-Шевченко автожолының 43-ші шақырымында жүріп келе жатқан 2005 жылғы Toyota Estima автокөлігі өртенді. Сағат 16:27-де өрт сөндірілді», — деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД.

Lada.kz жазуынша, ауруханаға 7 адам – төрт ересек және үш бала жатқызылды. Бір бала оқиға орнында көз жұмды.

«Екі баланың жағдайы тұрақты, үшіншісі – реанимацияда. Реанимацияға түскен баланың оң жақ білегін ампутация жасауға тура келді», — деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.