The Sun газетінің хабарлауынша, онымен бірге ұшақ апатынан ұшақ бортында болған 9 адамның бәрі көз жұмған.
«Вице-президент, құрметті доктор Саулос Клаус Чилиман мінген ұшақ Чикангава орманынан табылды. Өкінішке қарай, ұшақ бортындағы адамдардың барлығы қаза тапты», – деп хабарлады Малави Президент әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған The Sun.
Малави басшысы Лазарус Чаквера бүгіннен бастап жерлеу рәсіміне дейін ұлттық аза тұту жариялады. Ұшақта 1994-2004 жылдар аралығында елді басқарған Бакили Мулузидің әйелі Патриси Шанил Мулузи де болған.
Бұл ел Африканың оңтүстік-шығысында. Жер аумағы — 118,48 мың шаршы километр. Халқы — 19,687 млн адам. Астанасы — Лилонгве қаласы.
Ресми тілдері — ағылшын және ньянджа. Халқының 40%-ы христиандар, 20%-ы мұсылмандар, 40%-ы жергілікті наным-сенімдерді ұстанушылар.