Жақында Қазақстанның халық әртісі атағын алған әнші Майра Ілиясова журналист Динара Сәтжанға сахнадағы және одан тыс өмірі туралы көлемді сұқбат берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Журналист Динара Сәтжан сұқбат барысында әншінің өміріндегі ауыр кезеңнің бірі 37 жасында болғанын есіне салды.
«Менің білуімше, 37 жасыңызда сәбиіңізден айырылып қалдыңыз ғой?» — деп сұрады Динара Сәтжан.
«Иә, мен екінші сәбиімді аман-сау, тоғыз ай көтердім. Бірақ дәрігерлердің қателігінен босанып жатқанда мені құлатып алып, система салып, мені көтергенде басым айналып кетті. Сонда сәбиім шетінеп кетті. Қазақ «мүшел жаста бір қатер болады немесе қатты қуаныш болады» дейді. Сол маған қатер болды. Өкінішке қарай екінші сәбиім дүниеден озды. Қазір бір Тоғжаным бар. Құдайға шүкір», — дейді халық әртісі.
Әншінің айтуынша, қызы Тоғжан өміріндегі ең маңызды адам.
«Тоғжан өте ақылды, он ұлдан артық менің бір тал қызым деп айтамын», — дейді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram