Фото: ТЖМ
Тоғыз ай бұрын Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» жерасты кенішінің аумағындағы шұңқырға қызметкерлер мінген автобус құлап, ішіндегі 4 адам қаза тапқан еді. Бүгін полиция қауіпсіздік ережелеріне жауапты адамдарды ұстағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Тау-кен және құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу үшін «Майқайыңалтын» АҚ-ның алты жауапты қызметкері ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», — деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, қайғылы оқиғаға байланысты сот шешімі шығып, «Майқайыңалтын» АҚ-ның осы апатқа 100% кінәлі екені дәлелденген.
11