Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, — деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz –ке сілтеме жасап.
3 ақпанда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты журналистке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Махамбет Әбжанға төтенше қауіпсіздік мекемесінде тоғыз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот шешімімен келіспей, сотталушы мен оның қорғаушылары сот актісіне апелляциялық тәртіпте шағым түсірген болатын. Қорғаушы тарап Махамбет Әбжанды ақтауды сұрады.
«Сот актісінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болмағандықтан, үкім өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді», — деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.
Qazaq.today
7