«Маған 8 ер адам қысым көрсетті»: Назарбаев университетіндегі зорлық туралы айтқан бойжеткен келешегі үшін алаңдайтынын айтты

Назарбаев Университетінің студенті Адина Қадырова оқу орнындағы зорлық-зомбылық фактісі туралы айтқан видеосына қатысты жауап алынғанын мәлімдеді.

Мен ол жерге барғанда мені формасыз құқық қорғау органының қызметкері қарсы алды. Бұл жерде процессуалды әрекет кезіндегі бір жайтты анықтап алу қажет, «бұл қандай әңгімелесу?» Әңгіме ме әлде жауап алу ма? Менде бас тарту құқығы болған соң оны пайдаландым. Бірақ олар «бұл жай ғана әңгімелесу» деп қарсылық білдіріп, қысым көрсете бастады, – деп жазды ол.

Қадыроваға қылмыстық істің куәгері ретінде шақыру қағазы жіберілді. Тергеуге қатысса да, жай-жапсарына қатысты ештеңе айтқан жоқ. Ол жауап алу 2,5 сағатқа созылғанан және қатты шаршағанын жеткізді. Тіпті кей сұрақтардыі жүз қайтара қойылғанын айтты.

Сондай-ақ ол өз болашағы үшін қатты алаңдайтынын айтты.

Мен келешегім үшін қорқамын. Бүгін маған 8 ер адам қысым көрсетті. Достарыма сенім жоқ. Енді ештеңе бұрынғыдай болмайтынын білемін. Бұл қаншалықты қажет еді? Мен бәрін құрбан еттім, тіпті университетімді де. Мен оны қалай жақсы көретінімді білмейсіздер. Ол өмірімнің мәні секілді еді, — деп жазды бойжеткен.

«Назарбаев Университетінде» қыздардың зорланғаны туралы ашық айтқан ару бұған дейін феминист екенін хабарлаған еді. Сонымен қатар ол биылғы жылдың наурыз айында зорлық-зомбылыққа қарсы студенттік акцияларға қатысқан.

Назарбаев Университеті қыздарды зорлады деген бойжеткеннің мәлімдемесіне жауап берген болатын. Оқу орнында білім алатын қыздардың зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтқан студенттің мәлімдемесінен кейін тергеуге жан-жақты көмек көрсетіп жатқанын хабарлады.

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here