МӘМС басшысы Әбілқайыр Сқақов қанша жалақы алады

Фото: gov.kz

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

«Жалақыма тоқталайын. Қолға 1 млн 400 мың теңге аламын», — деді Әбілқайыр Сқақов.

Басқарма төрағасының сөзіне сенсек, орынбасарлары қомақты сыйақы алмайды.

«Қордың басқарма құрамында 5 адам бар. Соңғы 3 жылда олар бонус алмады. Бұрын алмаған, қазір де алмайды. Мен және орынбасарларым бір жыл ішінде жалпы 600-700 мың теңге көлемінде ғана сыйақы алдық. Директорлар кеңесінің шешімімен (сыйақы мөлшері) шектелген. Ұжым алатын сыйақы қызметкерлердің KPI-мен бекітілген», — деді қордың төрағасы.