Маңғыстауда жүкті әйелін пышақтаған тұрғын сотталды

Маңғыстауда жүкті әйелін пышақтаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің хабарлағандай, сотталушы К. әйелінің жүкті екенін біле тұра, өзінің қылмыстық іс-әрекетін тоқтатпаған. Ауыр дене жарақаттары салдарынан жерге құлаған жәбірленуші А.-ның дәрменсіз күйде жатқанына қарамастан, ол аяқтарымен жәбірленушінің басынан бірнеше рет теуіп дене жарақатын салған.

«2 қазандағы сот үкімімен күдікті ҚР Қылмыстық Кодекстің 24-бабы 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», — делінген хабарламада.

Фото: pexels.com

69