Фото: Видеодан скрин
Маңғыстау облысында жол апатына ұшыраған жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Lada.kz мәліметінше, оқыс оқиға 10 наурыз күні Жетібай-Мұнайшы тасжолында болды. Полицейлердің мәліметінше, ВАЗ көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне соқтығысқан. Салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалған.
«ВАЗ жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.