Маңғыстау облысында даладан жаңа туған сәби табылды

Шақалақ Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы тұрғын үйлердің терезесінің алдынан табылған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Баланы таңертең уақытта сағат 09:30 шамасында тұрғындардың бірі байқаған.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған деректі растап, баланың анасы іздестіріліп жатқанын хабарлады.

«Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анасы іздестіріліп жатыр. Сәби перзентханада жатыр», — делінген полиция таратқан хабарламада.