Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Ақтау қаласында 34 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жеке тінту кезінде одан 5 келі 185 грамм қара уылдырық табылып, тәркіленді.
Кейін жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 36 жастағы азаматтың тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, полиция тағы 5 келі 800 грамм қара уылдырық тәркіледі.
Тергеу жалғасуда.