Мәжіліс депутаты 38 жастағы әйелдің тұсауын кесті Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев 38 жастағы көпбалалы ананың тұсауын кесті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Депутат бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Арасында болып тұрады. Өзінің өтініші бойынша 38 жастағы көпбалалы ананың тұсауын кестім. Ақ жол!», – деп жазды Мұқаев.
Оның өзінше, бастысы оқырманының гештальті жабылып, арманы орындалған.
Ал оқырмандар түрлі пікірлер қалдырып жатыр.
«Кітап, кілт, ақша қойып қоятын жалғасы қайда? Не таңдағаны қызық болып тұр», «Мен 50 жасымда Құралай ханымға кестіріп, 2 айдан соң шетел асып кеттім. Тоқтамай, әлі қыдырып жүрмін», «7 жасар қызымның тұсауын кестіруге ұялып жүрсем, мынадай кейін ұялмаймын-ау», «Жолы болмай қоса, ырымдайды. Қадамың оң болсын!», — деген сынды пікірлер бар.