Мөлдір Жаңбырбай каратэ бойынша Мысырдағы турнирде жеңімпаз болды.

Мөлдір Жаңбырбай финалға дейін кедергісіз жетіп, 50 келіге дейінгі салмақта хорватиялық Эма Сгарделлиді жеңіп шықты. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай осылайша қатарынан үшінші Премьер-лига турнирінде жүлдеге ие болды. Ол бұған дейін Парижде қола медаль, ал Ханчжоуда күміс медаль жеңіп алған болатын.

Нәтижесінде, Мөлдір Жаңбырбай Премьер-лига рейтингінде көшбасшылық позициясын одан әрі нығайтты. Айта кетейік, бұған дейін Түркиядағы турнирде Мөлдір Жаңбырбай чемпион атанғанын да хабарлаған едік.