Батыс өлкеде халық көліктеріне газ таппай қиналып жүр, деп хабарлайды Qazaq.today.
БҚО-да жүргізушілер жанармай құю станцияларында сұйытылған газ үшін ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Egov.press Telegram-арнасы сұйытылған газ үшін сағаттап кезек күтіп жүрген оралдық жүргізушілердің бейнежазбасын жариялады.
Дәл осындай жағдай Ақтау қаласында да орын алған. Lada.kz басылымы Ақтаудағы жанармай құю бекеттерінде де сұйытылған газдың тапшы екенін жазды. Жергілікті көлік жүргізушілерінің айтуынша, көгілдір отынға қатысты мәселе осы аптада басталған. Кейбір жанармай құю бекеттері мүлдем жұмыс істемейді. Ал газ бар жерде ұзын-сонар кезек қалыптасқан.
66