Air India әуе қомпаниясы Boeing 787-8 Dreamliner ұшағында қаза тапқан жолаушылардың отбасыларына 25 000 еуродан төлейді. Қолдау ақшаны 242 адамның ішінде жалғыз өзі аман қалған Вишвашкумар Рамеш те алады. Оның туған інісі ұшақ апатынан мерт болған, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі DW-ге сілтеме жасап.
Бұл қаржы Tata Group компаниясы беретін 10 миллион рупий (шамамен 100 570 еуро) көлеміндегі өтемақыға қосымша төленеді.
Ахмедабадтан Лондонға AI 171 рейсін орындаған әуе лайнері 12 маусымда әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай құлап түсті.
Ресми ақпарат бойынша кем дегенде 270 адам қаза тапты, бірақ құрбандардың нақты саны әлі анықталған жоқ. Ахмедабад полициясының хабарлауынша, мәйіттердің қатты күйіп кетуіне байланысты олардың кім екенін анықтау қиындық тудырып жатыр.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша тек бір адам – 40 жастағы Ұлыбритания азаматы жеғңл жарақатпен тірі қалды. Вишвашкумар Рамеш 11А орнында отырған, ол жарақат алса да, қирандылардың арасынан шығып үлгерді. Рамештің бортта болған інісі көз жұмды.