Мұхтар Мағауиннің Қазақстанның сыртқы саясаты туралы өсиеті жарыққа шықты

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мұхтар Мағауиннің Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты айтқан сөзі әлеуметтік желілерде кең таралды. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат порталы хабарлайды.

Мағауиннің кеңестері: Абылайдың жолы

Жазушы өз өсиетінде елдің сыртқы саясатта тарихи тұлға Абылай ханның үлгісін ұстану қажеттігін атап өткен:

«Түркиямен жақындық одан әрі арта беру керек. Ресеймен саясат ұстап, тым ішке кіргізбей Абылайдың саясатын ұстану керек. Енді қырғыз, өзбекпен татулық керек. Сондай-ақ, Қытаймен қатынас жақсы болу керек,» – деді Мұхтар Мағауин.

Тарихи ұстаным және қазіргі саясат

Марқұм жазушының бұл сөздері елдің тұрақты дамуы мен көрші мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынасты сақтауға бағытталған ойлары ретінде бағаланып отыр. Әлеуметтік желі қолданушылары оның өсиетін Қазақстанның сыртқы саясаты үшін маңызды бағдар деп санайды.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by JUZmedia (@juzmedia.kz)