Мұғалім туған балаларының жүрек тұсына пышақ сұғып өлтірген

Самарқандта мұғалім болып жұмыс істеген 27 жастағы әйел туған балаларының жүрегіне пышақ сұғып өлтірген, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Massaget.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Іс материалдарына сәйкес, 8 қарашада әйел кенеттен психикалық бұзылыс салдарынан кәмелетке толмаған ұлдарын пышақтап өлтірген.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, балалардың өліміне кеуденің сол жақ бөлігіндегі пышақ жарақаттары нәтижесінде жүрекке зақым келген, салдарынан ұлдаркөп қан жоғалтқан.

Әйел Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-бабы (Кінәліге дәрменсіз жағдайда екені белгілі болған екі немесе одан да көп адамды қасақана өлтіру) 2-бөлігінің «а, в» тармақтарында көзделген қылмыс жасады деп айыпталып жатыр.

Прокурордың өтінішін ескере отырып, сот әйелді уақытша ұстау изоляторына қамауға алу туралы шешім қабылдады.

44