Фото: bcs-express.ru
«Қазақмыс» корпорациясы Ұлытау облысындағы өз кенішінде қаза тапқан жеті адамның суретін жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Қайғылы оқиғада қаза тапқан жеті әріптесіміздің отбасына, жақындарына және барша туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл — біз үшін орны толмас ауыр қайғы. Әрбір қызметкеріміздің амандығы – біздің басты құндылығымыз. Біз бұл жағдайды терең зерттеп, тиісті шара қабылдаймыз. Қазір құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Біз барынша қолдау көрсетеміз», — деп жазды «Қазақмыс» корпорациясы.
Еске салсақ, Ұлытау облысында «Қазақмыс» компаниясына қарайтын кеніште болған апаттан 7 адам қаза тапқан еді.