Ұлытау облысында шенеунік жымқырған 218 миллионды өз еркімен қайтарып берді

Фото: ratel.kz

Ұлытау облысының прокуратурасымен мемлекетке 218 млн теңге қайтарылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Прокурорлық тексеру барысында Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде жоғарылатылған баға бойынша құрылыс жұмыстары қабылданғаны анықталды.

Негізсіз төленген бюджет қаражатының сомасы — 218 млн теңге. Прокурорлық тексерістен кейін бұзушылықтар жойылды.

Бөлімнің бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша жауапқа тартылды (абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан немқұрайлылық).

Бүгінгі таңда аталған сома мемлекет кірісіне өз еркімен қайтарылды.