Ұлы бір рет ажырасқан: Ақбота Керімбекова екінші рет ене атанып жатыр

Фото: instagram.com/botakerim

Қызды алып кетуге ұлдың кіндік шешесі Айгүл Иманбаевадан бастап, Жанар Айжанова, Меруерт Түсіпбаева секілді әртістерден құралған топ барды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

 «Бүгін бізде қуанышты күн! Кіндік балам Ахан, Ақботаның ұлы үйленіп жатыр, бүгін екеуіміз келінді болып, қызымызды алып кететін сәт келді. Құттықтап қойсаңыздар болады», – деді Айгүл Иманбаева.

Кеше келін түсірген Ақбота Керімбекова бүгін беташарға дайындалып жатыр.

«Тойды аман-есен өткіздік. Келініміздің бетін ашамыз бүгін, оған қоса ауызашар. Негізі әдемі кезеңге келін түсіруді Алла нәсіп етіп отыр екен. Тілек көп айтылатын, қабыл болатын ай ғой. Құдай қаласа, осы ұл-қыздың бақытын, жақсылығын көрейік. Келініміз адалынан болып, әулетімізді көркейте берсін», – деді әнші.

Еске салайық, Ақбота Керімбекованың өзі де бірнеше рет күйеуге тиген. Бұған дейін оның ұлы үйленіп, артынша ажырасып кеткен еді.