«Ұлттың рухы жоқ — бұл үлкен қасірет»: Шымкент тұрғыны Өзбекәлі Жәнібековке қойылған ескерткішті сынады (ВИДЕО)

Коллаж: Qazaq.today

Шымкенттен тағыда шу шықты. Әкімдіктің әрекетін қала тұрғыны сынап, бүкіл елді шулатып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today.

Этнограф, Мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің құрметіне орнатылған ескерткіштің тұрған жеріне наразылық білдіріп жатыр. Ол Шымкент қаласының орталық саябағында орналасқан ескерткіштің жанында видео түсіріп, Instagram парақшасына жүктеген.

«Ұлттың рухы жоқ – бұл үлкен қасірет. Намысымызды оятып, рухымызды көтеретін кез келді», — деп жазба қалдырған ол.

«Мына бір ескерткішті көріп, көңілім толмай тұр. Мына кісі қазақтың біртуар азаматы – Өзбекәлі Жәнібеков. Біздің жерлесіміз. Арқалықта Бірінші хатшы болған, Мәдениет министрі болған. Тұрған жерін қараңыз, жерге қоя салған. Ал, мына артында бұғылар тұр. Оны арнайы биіктікпен жасаған, жасыл шөпке қоя салса да болады ғой. Неге Өзбекәлі Жәнібековты сол жерге, көзге көрінетін көрнекі жерге қоймасқа? Сіздер не дейсіздер осыған?», — дейді Шымкент тұрғыны.