Ұлттық қордан тағы 2 триллион теңге алынады

Мәжіліс депутаттары 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет заң жобасын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Депутат Татьяна Савельеваның айтуынша заң жобасы республикалық бюджеттің көрсеткіштеріне байланысты әзірленген.

«Ұлттық қордан мақсатты трансферт түрінде қосымша 2 триллион теңге алу жоспарланып отыр», — деді Савельева.

2 триллион теңге долларға шаққанда 4 млрд доллардан асады.

Республикалық бюджеттің биылғы тапшылығы 3,6 триллион теңге.

72