«Ұлтқа қиянат жасаған адамның есімін беруге болмайды»: Нұрлан имам ат қою туралы айтты (ВИДЕО)

Ислам дінінде азан шақырып қойған адамның атын өзгертуге бола ма? Бұл сұраққа белгілі имам Нұрлан Байжігітов жауап берді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

Нұрлан имамның айтуынша, шариғат бойынша атты өзгертуге себеп болған жағдайда рұқсат.

«Ең бірінші, тарихта өте бір жаман адам ретінде есімі елге мәшһүр болып, таңбаланып қалған адамның яғни, бүкіл халыққа жамандығы өткен адамның аты қойылса өзгерту керек. Екіншісі – өз атынан өзі ұялса. Мысалы, ел мазақтап, кішкентай балалар күліп, жұрт қайта-қайта сұрай берсе, содан қиналса өзгерткен жақсы», — дейді «Хабар» арнасындағы «Дәстүр» бағдарламасында қонақ болған Нұрлан Байжігітов.

Сондай-ақ Нұрлан имам бүтіндей бір ұлтқа қиянаты өткен адамдардың атын қоймаған абзал екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, Нұрлан имам егер, адам өз атынан қатты қиналса, онда лақап ат қоюға болатынын айтты. Бұл ретте ол қазақтың ұлы тұлғаларын мысал етті.

Дін маманы себепсіз атты өзгертуге болмайтынын да тілге тиек етті.

«Қойылған нәрсе қазықтай болып қалу керек. Баланың болашақта азамат, тұлға болып қалыптасуы есіміне байланбауы керек», — деді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от «Хабар» телеарнасы (@khabartv)