Құлсары қаласында 17 сәуірде түнгі сағат 02:10 шамасында Hyundai Elantra көлігін басқарған 2005 жылы туған жүргізуші Toyota Camry және ВАЗ-2115 көліктерімен соқтығысқан. Бұл туралы Атырау облысының Полиция департаменті хабарлады, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai Elantra жүргізушісі, сондай-ақ көлікте болған 2006 және 2005 жылы туған жолаушылар мен Toyota Camry көлігінің 2007 жылы туған жүргізушісі мен оның 1983 жылы туған жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді», — делінген хабарламада.
Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі – абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.