Бұл туралы 30 мамырда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Оның айтуынша, жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінің сынақ режимінде іске қосылуы 2026 жылдың соңына жоспарланған. Бұған дейін «CTS» компаниясының басшысы Асылбек Дүйсенбаев жүйе 2025 жылдың соңына дейін жұмысын бастайды деп хабарлаған еді.
Фото Informburo.kz
«Мен сынақтық іске қосу келесі жылдың соңында басталатынына толық сенімдімін. Ол кезде жолаушылар да тасымалдана бастайды», – деді Роман Скляр Ақорда кулуарында.
Скляр сондай-ақ Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің журналистерге арнап арнайы пресс-тур ұйымдастыруы тиіс болғанын айтты. Алайда журналистер мұндай бастама туралы алғаш естіп отырғандарын жеткізді.
Сонымен қатар, елордада LRT жүйесін басқаруға арналған диспетчерлерді алдын ала жұмысқа қабылдау процесі басталған.