Лондонда әлемге танымал әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергенмен кездесу үшін жанкүйерлер қонақүй алдына ұзын-сонар кезекке тұрды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Ал бүгін ол Лондондағы Hilton London Wembley қонақүйінің Grand Ballroom залында өз жанкүйерлерімен жүздесуде.
– Мен Димаштың өнерін өмір бойы сүйіп келемін. Оның әрбір әні жүрекке жетеді. Ол даусымен ғана емес, жан дүниесімен де бізді баурап алады. Бұл – әлемдегі ең керемет дауыс, ол әлемге оң өзгеріс әкеліп жатқан нағыз өнер иесі. Біз оған шын жүректен алғыс айтамыз, – дейді Калифорниядан арнайы келген жанкүйер Глория Макюн.