Фото: Yonhap
Оңтүстік Корея тұрғыны Муанда болған әуе апатында 12 туысынан айырылғанын айтты, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған Qazaq.today.
Ер адамның айтуынша, ол балаларымен, туыстарымен және достарымен бірге Таиландқа саяхатта болған. Алайда жұмыс жағдайына байланысты Оңтүстік Кореяға емес, Үндістанға қайтуға мәжбүр болған.
«Үлкен отбасымнан жалғыз өзім қалдым», – дейді кореялық жігіт.
Трагедия туралы естіген бойда ол сапарын дереу тоқтатып, Үндістаннан Оңтүстік Кореяға ұшақпен оралып, жақындарын іздеу үшін ДНҚ-тест тапсырған.
«Әлі күнге дейін алты жасар қызымның «біз атамыздың туған күнін тойлаймыз» деген сөзін есіме аламын», – дейді ол қайтыс болған қызы жайлы.
52