Ливанда байланыс құралы ретінде қолданылатын пейджерлер жарылып, 8 адам қайтыс болды. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 2750 адам зардап шеккен, 200 адамның жағдайы ауыр. Жараланғандар арасында жүздеген ливандық «Хезболла» қозғалысының мүшелері болған, деп хабарлайды Euronews-ке сілтеме жасаған Qazaq.today.
Бұған дейін «Хезболла» көсемі Хасан Насралла «Израиль соққы жасау үшін бақылап отырады» деп, ұйымның мүшелеріне мобильді смартфондарды пайдалануға тыйым салған.
Иран ақпарат құралдары жарылысты Израильді ұйымдастырған деп мәлімет таратқан. Израиль тарапы әзірге жауап бермеген.
Фото: Istockphoto
27